top of page

ҚАЗ

Детские игры

«Лавата»

Безымянный.png

Мақсаты: балалардың шапшаңдығын, логикалық абстракциясын, сөздік қорын дамыту.

Ойынға лагердегі барлық демалушылар да қатыса алады. Бұл ойынға қатысатын балалардың саны шексіз. Ойынға қатысушылар қол ұстасып, үлкен шеңбер құрады.

Ортаға жүргізуші шығып:

Би билейміз тамаша,

Тра-та-та, тра-та-та.

Қимылымыз жаңаша,

Біздің биіміз, ол – Лавата, - деп әндетеді, қатысушылардың барлығы бұл айтылған сөздерді қайталайды. Әндетіп, шеңберді айналып жүріп, соңында тоқтайды.

Жүргізуші: «Менің иығым тамаша!»

Балалар: «Тамаша!»

Жүргізуші: «Көршімдікі одан да тамаша!»

Балалар: «Тамаша!», -деп бір-бірлерінің иығынан ұстап, биді жалғастыра береді. Әннің сөздері біткен сайын жүргізуші жоғарыдағы үлгімен сауал (тізе, мұрын, іші, құлағы, табаны және т.б.) қойып, балалар жауап беріп, сол айтылған дене мүшесінен ұстаулары қажет.

«Піл, пальма, торпақ, маймыл»

Безымянный.png

Мақсаты: балалардың қиялын, есте сақтау қабілетін, логикалық абстракциясын, шапшаңдығын, жауапкершілігін дамыту.

Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Ойынды бастамастан бұрын жануарларды қимылдар арқылы қалай көрсету керек екенін үйренуіміз керек:

«Піл» - сол қолымызбен мұрнымызды ұстаймыз. Оң қолды сол қолдың астына өткіземіз. Оң және сол жақтағы көршілері қолдарын қойып, пілдің құлақтарын бейнелейді.

«Пальма» - аяқтың ұшына тұрып, қолымызды тік ұстап, саусақтың ұшын кішкене бүгеміз. Оң жақ және сол жақтағы көршілері – «пальма бұтақтары» сияқты қолдарын оңға немесе солға бұлғайды.

«Торпақ» - ортада тұрған ойыншы екі қолын басына қойып, торпақтың мүйізін көрсетеді. Ал қасындағы оң жақ және сол жақ көршілері ортада тұрған қатысушыға жақын тұрған аяғымен жерді тепкілейді.

«Маймыл» - ортада тұрған ойыншы екі қолымен екі құлағын созып, тілін көрсетуі керек. Ал қасындағы көршілерінің бірі екі қолымен ауызын жапса, екіншісі екі қолымен екі көзін жабады.

Жануарлардың қимылдарын түсіндіріп болған соң, жүргізуші кез келген жануардың атын айтады. Қатысушылар аталған жануардың қимылын жылдам көрсетулері керек. Егер ойыншылар жануарлардың қимылын дұрыс көрсетпесе, сол ойыншы ойыннан шығып отырады. Осы тәртіп бойынша ойын жүргізіліп отырады. Соңында бір ғана жеңімпаз анықталады.

«Сақ құлақ»

Безымянный.png

Мақсаты: балалардың сөздік қорын, есту қабілетін, шапшаңдықтарын, зердесін дамытып, өнерге деген құштарлығын арттыру.

Бұл ойынның әрбір қимылы сөйлеп жүріп орындалады. «Сақ құлақ» ойынын қазір көбінесе «Телефон» деп атап жүр. Біз оның ескі атауымен аталуын жөн көрдік. Қатысушылардың арасынан ойынның жүргізушісі тағайындалады. Қатысушылар қаз-қатар түрегеліп тұрады немесе қатарласа отырады. Бірақ бір ойыншы мен екінші ойыншының арасы бір метрдей алшақ болуға тиіс. Ойынды бастаушы (1-ойыншы) естілер-естілмес дауыспен бір-екі сөзді бір рет айтады. Сол сөзді қағып алған 2-ойыншы үшіншіге, үшінші төртіншіге, төртінші одан әрі тез-тез айтып, санақ бойынша келесі ойыншыға жеткізе береді. Олардың бәрі сөздерді бір рет қана айтып, тым-тырыс отырады.

Айтылатын сөйлем екі не үш сөзден құралған шағын болуы керек. Оның бір мүшесі өз құрамындағы дауысты немесе сөз басындағы ұяң дыбыстардың естілу жөнінен екі ұшты, яғни басқа бір дыбысқа ұқсас сөз болуы қажет. Мысалы, тарғақ көрдім - жарғақ көрдім.

Ең соңғы ойыншы ойын бастаушыға сыбырлап өзіне жеткен сөзді айтады. Егер сөз дұрыс жеткен болса, ойын тағы да үш рет басқа сөздермен қайталанады. Егер сөз бұзылып жеткен болса, бастаушы соңғы ойнаушыдан бастап 1-ойыншыға қарай сыбырмен ғана тыңдап, сөзді бұзушы кім екендігін анықтайды. Сөзді бұзған ойыншы ең соңына барып тұрады да, екі-үш ауыз жаңылтпашты қайталап айтып береді, егер ол дұрыс айта алмаса, ұпай алынып тасталады. Ұпай келісім бойынша не өлең айту, жұмбақ шешу немесе бір өнер көрсету (мысалы, сурет салу, үлгі қию, есеп шығару т. б.) арқылы орындалады.

«Сантики-фантики-лимпопо»

Безымянный.png

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілеттерін, ойлау логикасын, шапшаңдықтарын дамыту.

Ойынға қатысушылар 10 адамнан кішігірім топтарға бөлінуі керек. Құрылған топтар шеңбер бойына тұрады. Әр топтың жүргізушісін таңдап алулары қажет. Жүргізуші бір адамды таңдап алады да, оны шетке шығарады. Сол уақытта балалар кімнің барлығына бірдей қимыл көрсетіп отыратынын өзара келісіп алады. Ортаға шетке шыққан ойыншыны шақырады, ол кірген кезде жаңағы қимылды көрсететін адам іс-әрекеттерді көрсете бастайды, қалғандары сол қимылдарды қайталайды. Балалар мына сөздерді де дауыстап айтуы керек: «Сантики-фантики-лимпопо». Ойынға қазір ғана кірген ойыншы қимылды көрсетуші адамды табуы қажет.

«Ортаға түспек»

Безымянный.png

Мақсаты: балаларды ұжымдылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өтуі тиіс. Ортадан көп ойыншы сиятындай үлкен төртбұрыш сызылады. Бірінші топ сол төртбұрыштың ішіне кіреді де, екінші топ сырттан орын алады. Ойын басталған соң сырттағы ойыншылар тік төртбұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген ойыншы сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол допты денесіне тигізбей, әрі жерге түсірмей қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін ойынға қайтадан кіргізе алады. Тік төртбұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда, ұтып жатқан топ оған 10 не 20 рет сызықты айнала жүгіруге айып бұйырады. Ол бұл сыннан сүрінбей өтсе, сырттағы өз тобын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан топ кіреді. Ойын төзімділікке, күш-қуатты молайтуға көмектеседі.

«Ептілік»

Безымянный.png

Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Он-он бес метрдей жерге меже белгіленеді. Әр топтан қолдарында бірдей түзу таяғы бар екі-екіден ойыншы ортаға шығады да, қатарласа тұрып, таяқты алға созады. Бастаушы қос таяқтың үш жағына бір қарыстай тақтай қояды да, оның үстіне сүйемдей жұмыр таяқшаны немесе қуыршақты тігінен тұрғызып орналастырады. Сонан соң ойынды бастауға белгі беріледі. Әр топтың ойынды жүргізуге қатысқан ойыншылары таяқтарын тең ұстап, оның үстіне қойылған заттарды құлатпай, межеленген жерге дейін барып, қайта оралуға тиіс. Таяқ үстіндегі заттар құласа, ұпайдан құр қалады. Әр кезектің жеңімпаз ойыншысы өз тобына ұпай алып береді.

Осы әдіспен ойынды жеке-жеке жалғастыруға да болады. Жеке ойыншы екі қолына екі қарыстай түзу шыбық алады. Ұшына сіріңке қорабы қойылып, оның үстіне адам бейнелі кішкене қуыршақ орнатады. Сөйтіп, әлгі межеге дейін барып, қайта оралады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.

«Кім шапшаң?»

Безымянный.png

Мақсаты: балалардың логикаларын, сөздік қорын дамыту.

Бұл ойын жаз мезгілінде көгалда, алаңда, ашық далада ойнатылады. Ойынға 2 ойыншыдан 20-ға дейін қатыса алады.

Ойынға жиылғандар қатар-қатар сап құрып тұрады да, қолдарындағы көлемі бірдей тасты не допты (кішірек) кезектесіп лақтырады. Ең жақын түскен тастың, не доптың иесі лақтырылған барлық тастарды (не доптарды) жиып әкеліп ойыншылардың әрқайсысына үлестіріп береді. Лақтырушылардың ішінде кімде-кім үш рет алысқа лақтырса, сол жеңімпаз атанып ойыннан шығады. Ойын сол тәртіппен жүре береді де, екінші және үшінші жеңімпаздар анықталады.

Тас не доп түскен жердің алыс-жақындығы лақтырылған заттың алғашқы түскен орны болып белгіленеді. Бұл ойын қатысушыларды алысқа лақтыра білуге жаттықтырып, таза ауада дем алып, денелерін шынықтыруға мүмкіндік береді.

«Динозавр»

Безымянный.png

Мақсаты: балаларды ұжымдылыққа, достыққа, тез қимылдауға тәрбиелеу.

Барлық ойыншылар екі топқа теңдей болып бөлінеді. Оның бірі «паравоз» сияқты құрылады. Қатысушылар бірінің артына бірі белдерінен ұстап тұрады. Бұл «динозавр» болады.

Ал екінші топ – адамдар. Олар бөлменің немесе алаңның әр жерінде тұрады. «Динозаврдың» мақсаты – өзіне көбірек адам қосып, бөлініп қалмау болып табылады. Қатарда бірінші тұрған адам – «динозаврдың басы» болып есептелінеді. Динозаврдың басы бір адамды ұстап алып, 2-3 секундтай ұстап тұрады. Бұдан кейін ұсталынған адамға қашып кетуге болмайды. Ол динозаврдың басы болып, әрі қарай ойынды осылайша жалғастыруға болады. Адамдардың мақсаты – динозаврға ұсталмау.

Ойын өте шулы және қызықты өтеді. Ең бастысы ойынды көпке дейін созбай, дәл уақытында аяқтау керек.

«Күн мен түн»

Безымянный.png

Мақсаты: балалардың қиял әлемін, есте сақтау қабілетін, шапшаңдығын, сөздік қорын дамыту, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Ойынға қатысушылардың барлығы шеңбер жасап отырады, ал жүргізуші сол шеңбердің тура ортасында болуы керек. Жүргізуші «Күн» дегенде барлық ойыншылар орындарынан тұрып өздерінің тіршіліктерімен айналысады (би билейді, ән салады, күледі, сөйлеседі), ал «Түн» дегенде барлығы ұйқыға кетуі керек. Осылай ойынның басынан аяғына дейін жүргізуші ойыншыларды әбден шатастыруы қажет. Қай ойыншы жаңылып қалса, сол ойыннан шығып отырады. Соңында қалған ойынша жеңімпаз атанады.

«Жапалақтар мен қарлығаштар»

Безымянный.png

Мақсаты: балаларды адамгершілікке, мұқияттылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Ойын кең, жазық алаңда өтеді. Ойынға қатысқысы келетін адамға шек қойылмайды. Ойыншылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қойып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар деп, ал екіншісін қарлығаштар деп атайды. Сосын жүргізушіні тағайындап алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы ұстаған топтың ойыншылар қатарына қосылады.

Ойынды өткізу тәртібі: қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген белгі бойынша ұсталғанын мойындайды. Ол үшін қашушы ойыншыға қолын тигізсе болды. Ойынның аяғында қай топтың қатысушыларының саны көп болса, сол жеңімпаз топ болып анықталады.

«Жасырынбақ»

Безымянный.png

Мақсаты: балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Жасырынбақ ойыны әдетте жаз мезгілдерінде, ай жарықта кең алаңдарда, ал күндіз жасырынатын қуысы бар жерлерде өткізіледі.

Ойыншылар көмбеге жиналған соң саусақ санау арқылы кімнің тығылушы, кімнің іздеуші екенін анықтайды. Ойынның жүргізушісі көзін жауып, қатты айқайлап, елуге дейін санайды да (осы кезде ойыншылар жасырынып үлгерулері керек). Ол жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Іздеуші екінші рет кезекші болмас үшін бірінші көрген ойыншыдан көмбеге бұрын жетіп, хабар беруі керек. Сосын асықпай басқаларын таба береді. Тағы бір ескеретін жай: іздеуші жасырушыны көрмейінше, «шика» демейінше, өз бетінше жүгіріп, көмбеге келмеуі керек.

Ойын қараңғыдан қорықпайтын батыл, түнде бағдарды дұрыс аңғара білуге, сезімталдыққа тәрбиелейді.

«Шалма тастау»

Безымянный.png

Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылыққа, мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Ойынға қатысушылар жиналып келіп, алаңды, ойнайтын жерді таңдап алады. Сол жерден меже белгіленеді, он метр жерге қазық қағылады немесе бұтағын жоғары қаратып, қу томар тасталады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа немесе томарға еркін жететіндей арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойынның жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа немесе томардың бұтағына шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алады да қазыққа не томарлы бұтаққа лақтырады.

Ойынға қатысушылардың санына қарай кезек төрт-бес рет қайталанады. Шалманы нысанға кім көп түсірсе, сол жеңеді. Жеңіске жеткен ойыншының құрметіне өлең айтылып, ән шырқалады. Ойын жалғаса береді.

«Асық ойындары»

Безымянный.png

Мақсаты: ұлттық ойындар арқылы балалардың бойындағы ұлттық қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту, адамгершілікке, шапшаңдылыққа, мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындарының ішіндегі бұрыннан келе жатқан көне ойынның бірі болып табылады. Асық ойыны баланың кіші жасынан бастап нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттер баланың бойында болмаса, адам ойын барысында да, өмірде де көздеген мақсатына жете алмайды. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.

«Айгөлек»

Безымянный.png

Мақсаты: балаларды ұжымдылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Айгөлек - ұлттық ойын болып есептелінеді. Айлы кеште, кең далада өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас мөлшерлері де бірдей болулары керек. Екі топтың да бастаушысы болады. Аралары 10-15

Теги:

Featured Posts
Recent Posts
Follow Us
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square

РУС

ENG

bottom of page